Карантин: Шымкентте дәмханада қонақтар түн жарымына шейін көңіл көтерген

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте карантинге қарамастан жұмыс істеген дәмхана анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, халық арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы жарияланған.

Құжатқа сәйкес карантин режимінің сақталуын бақылау мақсатында тұрақты түрде рейдттік іс-шаралар жалғасуда. жүргізіліп келеді.

Осындай рейд барысында Шымкент қаласы Үркімбаев көшесінде орналасқан «Galaxy Rox» кафесінің қойылған шектеулерге қарамастан сағат 02:40 шамасында жұмыс істеп тұрғаны анықталды.

Қаулыда көрсетілген шектеулерді өрескел бұзып, ешқандай ескертуді елемей жұмысын жалғастырған кәсіпкерлік нысанның әкімшісіне ҚР ӘҚБтК 425-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Жинақталған құжаттар Шымкент қаласы Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.