«Азаматтардан карантин талаптарын сақтамаған мекемелер мен ұйымдар, жекелеген азаматтар туралы 575 шағым, арыз,, ал мекемелер мен ұйымдардан жекелеген азаматтардың тәртіпке бағынбағаны туралы 20 шағым, арыз түсті.
2020 жылдың 5 шілдесінен бастап отбасылық, еске алу іс-шаралары (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) өткізілгені үшін 3 935 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды», - дейді комитет басшысы.
Айжан Есмағамбетова карантин талаптарын бінеше рет қайталап бұзғандардың саны жүздеп саналатынын айтады.
«Қазіргі таңда карантин талаптарын ескермей, 2 және одан да көп айыппұлға тартылған 507 өрескел бұзушылар анықталып отыр. Оның ішінде 481-і шағын кәсіпкерлік объектілері, 4-і орта кәсіпкерлік объектілері болса, 22-сі - жеке тұлғалар», - делінген жауапта.
Комитеттің статистикасына сүйенсек, 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап карантиндік шектеулерді бұзғандардың үсінен 38173 хаттама толтырылып, 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынған.