Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері сағат 11:40 шамасында Мақтаарал ауданының көшелерінің бірінде орналасқан тойханада бесік тойын өткізіп жатқанын анықтады. Тойға 80-нен астам адам жиналған. Мобильдік топ тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тойды дер кезінде тоқтатып, адамдарды үйлеріне тарқатты.
Карантин талаптарын елемеген той иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу» бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық СЭББ-ға жолданды.