Карантин жағдайында Пасха мейрамы қалай өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана және Қазақстан митрополиті Александр карантин жағдайында Пасханың қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Пасха мейрамын діни қауымның мүшелерінің көбісі мәжбүрлі өз-өзін оқшаулау жағдайында атап өтеді. Үйде дұға тілеп, діни әдебиет оқып, ғибадат ету шарараларын трансляциялар арқылы қарап, біз осы мейрамға ортақтасамыз», - деп тоқталды ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Сонымен қатар метрополит Пасха түнінде «Еуразия» бірінші арнасында мейрамға орай ғибадат ету шарасынан тікелей трансляция өтетінін айтты.

Айта кетейік, сәуір айының 18-інен 19-ына қараған түнде Қазақстан православ шіркеуі барша павослав әлемімен бірге Қасиетті Пасханы қарсы алады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, төтенше жағдай кезінде діни бірлестіктерге мерекелік діни рәсімдерді онлайн режімде өткізу ұсынылды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов төтенше жағдай кезіндегі шектеулерге еліміздегі барша діни ұйымдар қолдау жасағанын атап өтті.