«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған адамдар үшін оқшауланудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелерді бекітті. Аталған талаптарды орындамағаны үшін ҚР ӘҚбК 425-бабы 1-тармағына сәйкес, құқық бұзушылыққа жол берген тұлғалар 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл ереже бүгін күшіне енді», - деді Сархат Бейсенова.
Оның дерегінше, «Ashyq» қосымшасы іске қосылған сәттен бастап үй каратинін бұзған 3 140 адам анықталды. Олардың 1 436-сы коронавируспен ауырса, 1 704-і науқастармен байланыста болған.
«Қызыл» немесе «сары» мәртебесі бар тұрғындар қаланың қоғамдық орындарында жүру арқылы COVID-19 тасымалдаушысы болады әрі иммунитеті төмен, қарт адамдар мен балалар және тәуекел тообына кіретін өзге де қала тұрғындарына жұқтырады.