Оның айтуынша, қалалық бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес барлық кәсіпкерлік нысандар ашылды. Тек кальян барлары, бильярд, банкет залдары жабық тұр.
Арнайы базадан 180 мың кәсіпкерлік субъекті тіркеуден өткен.
«Алматыда экономикалық белсенді азаматтар саны 950 мың екенін ескерсек, қазір 855 мың алматылық жұмысқа шықты. Нақты сан бұдан төмен болуы мүмкін. Яғни, шамамен 740 мың адам жұмысқа нақты шықты», - деді ол.
Әкім қала қашан белсенді экономикалық өмірге оралатынын айтты.
«Биылғы 7 айдың нәтижесін қорытындыласақ, негізгі индикаторлар бойынша белсенділік 88,4 пайыз болып отыр. Біздің басты міндетіміз – 100 пайызға шығу. Бірінші кезеңде. Алдымызда әлі 4 ай уақыт бар. Карантин мен карантиннен кейінгі кезеңде жауапкершілік сақтап, қауіпсіздік талаптарын орындап жұмыс істесек экономикамыз тезірек қарқын алары сөзсіз. Әйтпесе, біресе ашылып, біресе жабылып, американ горкасы сияқты жүргеніміз жүрген. Бұл тек бізде емес, барлық әлемде экономика минусқа кірген. Алматы келесі жылдан бастап қарқын алады деп сенеміз. Қазір корпоративті табыс салығы бойынша жоспар орындалып тұр. Ал жеке табыс салығы, әлеуметтік табыс салығы төмендеген. Ол адамдардың жалақысы азайғанын көрсетеді. Бұл да өз кезегінде салық көрсеткіштеріне әсер етті», - деді Бақытжан Сағынтаев.