«Келешек шекарашыларға қару-жарақ пен техниканың, шекара күзетінің техникалық құралдарының, мемлекеттік шекараны қорғауда пайдаланылатын қызметтік жануарлардың жауынгерлік мүмкіндіктері мен тактикалық-техникалық сипаттамасы көрсетілді», - деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен. Кинологиялық орталықта курсанттарға мемлекеттік шекараны шартты бұзушыларды ұстаған кездегі қызметтік иттер мен «Дабыл тобы» шекара жасағының әрекет ету тактикасы көрсетілді, сондай-ақ автобронетанк техникасы, Ми-8 тікұшағының техникалық-тактикалық сипаттамасы таныстырылды. Бұдан басқа, болашақ шекарашыларға инженерлік қамтамасыз ету және жаппай қырып-жою құралдарынан қорғану құралдары, байланыс құралдары мен мемлекеттік шекара күзетінің инженерлік-техникалық құралдары, десанттарды тікұшақтан түсіру шаралары көрсетілді. «Әр оқу нүктесінде мамандар аспаптар құрылғылары туралы түсіндіріп отырды. Курсанттарға аталмыш құралдарды жіті зерделеу қажет, себебі оны кейіннен күнделікті Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қорғау міндеттерін орындаған кезде қызметтік-жауынгерлік қызметте қолданатын болады», - деп атап өтілген хабарламада.
18:27, 15 Тамыз 2014
Қараойда болашақ шекарашыларға арналған көрнекі сабақ өткізілді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарой кентіндегі ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының далалық оқу орталығы базасында шекара кадрларының бірінші курс курсанттары үшін көрнекі сабақ өткізілді.