«Қараөзек» су қоймасын салуға қаражат қашан бөлінеді

Қызылорда облысында «Қараөзек» су қоймасын салуға 3,96 млрд теңге қаражат қажет. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Kazinform.

Фото:

«Қараөзек» су қоймасы мал шаруашылығының жемшөп базасын құру және Қазалы ауданының егістік алқаптарын суару мақсатында көл жүйелерінің толығуы және шабындық-жайылымдық жерлерді суландыру үшін пайдаланылатын болады», - деді Үкімет басшысы жауабында.

Оның атап өтуінше, су қоймасының жалпы сыйымдылығы – 775,0 млн шекте метр. Жоба бойынша Байгелді, Картонкомбинат және Қожатай учаскелерінде 3 тежеуіш-бөгеуіш құрылысты салу көзделген. Олар бойынша биыл техникалық-экономикалық негіздемеге түзету жүргізілді. Техникалық-экономикалық негіздеме түзетілгеннен кейін жобаның жалпы құны 3,96 млрд теңгені құрап отыр.

«Осыған байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесі мемлекеттік сараптаманың оң шешімінің қорытындысы бойынша белгіленген тәртіппен қаралатын болады», - деді Премьер-Министр.