Қарапайым халықтың салық өсімпұлы қай жағдайда кешіріледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 1,4 млн адамның мойнында 20,9 млрд теңге салық берешегі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚРҚаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарыЖайдар Іңкәрбаевтың ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметіндеөткен брифингте айтты.

«Салықберешегінің ең көп сомасы немесе 70 пайызы (14,4 млрд. теңге) көлік құралдарына салынатын салыққа тиесілі. Жерсалығына жалпы берешектің 12 пайызы (2,5 млрд.теңге), мүлік салығына 6,7 пайызы(1,4 млрд. теңге) тиесілі. Салық борышы бар жеке тұлғалардың басым бөлігіШымкент қаласында тіркелген. Мұнда шамамен 148 мың адам қарыз. Түркістаноблысында 139 мың, Жамбыл облысында 116 мың және Нұр-Сұлтан қаласында 114 мыңадам салықты толық төлемеген», - дейді комитет өкілі.

Берешек сомасыбойынша, Алматы қаласы бірінші орында. Қала тұрғындары мемлекеттік кірісоргандарына 5,5 млрд. теңге қарыз. Нұр-Сұлтанжәне Маңғыстау облысында 2 млрд. теңгеден, Шымкент қаласында 1,6 млрд. теңгеберешек қалыптасқан.

Жайдар Іңкәрбаевсалық берешегі бойынша қордаланған өсімпұлды шегерту үшін негізгі қарызсомасын ғана өтеу керек екенін атады.

«Өсімпұлды шегеруүшін негізгі салық қарызын төлесе болды.Ол үшін ешқайда барып, ешқандай өтініш жазудың қажеті жоқ. Негізгі берешектөленгеннен кейін 3 күн ішінде өсімпұл автоматты түрде шегеріледі. Біздіңмамандар әрбір салық төлеушінің дерегін күн сайын тексеріп отыр. Берешекөсімпұлының шегерілгеніне көз жеткізу үшін салық төлеушінің жеке кабинетінеөтіп білуге болады. Ал бүгінге дейін салық берешегімен қоса өсімпұлды да төлепқойған адамдарға өсімпұл сомасы қайтарылып беріледі. Ол үшін салық төлеушімемлекеттік кірістер органына барып, өтініш жазуы керек. Соның негізінде артық төленген сома өтінішберушінің атындағы есепшотқа аударылады», - деді ол.

Дегенмен, әзіргеешбір борышкердің өсімпұлы шегерілмеген.

«Әзірге өсімпұлшегеру ережесі нақтыланып жатыр. Барлық өңірлерге тиісті ақпараттар беріліп,тапсырмалар жүктелді. Ережемен барлық өңірлер танысып болғаннан кейінөсімпұлдар шегеріле бастайды», - деді ведомство өкілі.

Айта кетейік,осыған ұқсас рақымшылық шағын және орта бизнес нысандарына беріліп отыр.Бүгінге дейін соның аясында 40 мың қазақстандық салық айыппұлынан құтылған.