«Бұл бағдарламалар бойынша кәсіпкерлер үшін несие мөлшерлемесі төмендетіліп 6% құрады. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында несиенің ең көп мөлшері 7 млрд. теңгеге дейін субсидиялау мерзімі 5 жылға дейін ұлғайтылды. «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша несие сомасы шектелмеген, ал субсидиялау мерзімі 10 жылды құрайды», - деді Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында.
Ол, сондай-ақ, былтыр «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталғанын, ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі 150 экономикалық жіктеуішке дейін жеткізілгенін атап өтті.