«Қарапайым заттар экономикасы»: Жамбыл облысында 11 мыңнан аса жоба жоспарлануда

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына сәйкес 11 мыңнан астам жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоспарланған жобалар негізінен ауыл шаруашылығын дамыту, өнім өңдеу, жиһазжасау мен құрылыс саласын қамтып отыр. Көпшілігі ауылдықжерлерде іске асырылмақ.

Инвесторларға қызметкөрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығының жетекшісі Дамир Егізбаевтыңайтуынша, жеке кәсіпті дамытуға оңтайлы жағдай тудыру үшін мамандар өңірдегі барлықелді мекендерді аралап, қай бағытта жұмыс атқару керектігін алдын ала жан-жақтызерттеп шыққан. Көп жағдайда несие алуға кепілге қоятын мүліктің жоқтығықолбайлау болады. Сондықтан ауыл халқы банктердің үдесінен шыға алмай жатады.Дегенмен де, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына өңірдің 135 бизнесөкілі қатысқалы отыр. Банктер макарон өндірісі, сүт өңдеу және балабақша ашусынды алғашқы 9 жобаны іріктеп алған.

Айта кетейік, ПрезидентҚасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Қарапайым заттарэкономикасының» әлеуетін барынша қолдану керектігін атап өткен болатын.Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан 600 миллиард теңгеқарастырылған.

«Қарапайым заттарэкономикасы» біздің есептеуімізше, облыстың экономикасын дамытуға үлкен серпінбереді. Шамамен 17 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 75-78 миллиард теңгенің қосымшаөнімі шығарылады. Облыста жалпы ішкі өнім көрсеткіші 5% артады. Ең бастысы, бұлшағын және орта бизнесті өркендетуге бағытталған жоба. Ауыл азаматтарының кәсіпашып, өз істерін дөңгелетіп әкетуіне оңтайлы жағдай туады», - дейді ДамирЕгізбаев.

Соңғы жаңалықтар