Қазгидромет таратқан хабарламаға қаарағанда, қарашада жылы және аязды күндер жиі алмасып тұрады, сонымен қатар жауын-шашын күтіледі: оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Ай бойы желдің күшеюі, боран, көктайғақ пен тұман болады деп болжанып отыр.
«Қарашаның бірінші онкүндігінің басында ауа температурасы көтеріледі: республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде -5 5°С-тан 2 8°С-қа дейін, күндіз 2 7°С-тан 7 12°С-қа дейін, кейінірек температура біртіндеп түнде -2-8°С-қа, күндіз 0, -5°С-қа дейін төмендейді.Оңтүстікте 4-10 қараша аралығында жаңбыр жауады, кейбір күндері қатты жауын-шашын болуы мүмкін, ал таулы аймақтарда жаңбыр қарға айналуы мүмкін. Батыс аймақтарда түнде ауа температурасы 4 10°С-тан -2-7°С-қа, күндіз 7 15°С-тан -2 5°С-қа дейін төмендейді деп болжанып отыр», — деп жазылған хабарламада.
Ал қарашаның екінші жартысында ауа райы күрт суытып, аяз түседі.
«Суық ауа массалары келгенде термометр бағаны ең салқын күндері төмендейді. Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде -15-24°С-қа дейін, күндіз -7-12°С-қа дейін төмендейді. Батыс және оңтүстік өңірлерде түнде -3-15°С, күндіз 0, -7°С-қа дейін төмендейді.Қараша айында жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде қалыпты деңгейде болады деп болжанып отыр», - дейді Қазгидромет.