Оның айтуынша, келесі айда Алматының ірі бизнес орталықтарында арнайы 10 көрсету белдеуі ашылады. Бұл орталықта тұрғындар 4G қызметімен кеңінен танысып, пайдалана алады.
«Сондай-ақ қазіргі кезде қала ішінде жылжымалы сынақ зертханасы ретінде арнайы автобус жолға шықты. Бұнда да тұрғындар LTE қызметімен танысып, сынауға мүмкіндік алады. Бұл қызметтің ерекшелігі, ең алдымен жылдамдық. Бұндағы жылдамдық 3G байланысынан екі есеге артық. Сондай-ақ қызмет түрлері басым. Бұл байланысқа қазіргі кезде әлем елдері қызығушылық білдіруде. Сондықтан біз бұл саланы Қазақстанға енгізуді қызу қуаттаймыз және алдағы уақытта Қазақстанда байланыстың бұл түрін дамытуға 50-80 миллион доллар көлемінде инвестиция құюды көздейміз»,- деді А.Попов. Оның айтуынша демоорталықтар тұрақты түрде жұмыс істейтін болады.
ҚазАқпарат анықтамасы: 4G тұтынушыға 326,4 Мбит/секундқа және кері бағытқа 172,8 Мбит/секундқа дейін мәлімет жіберуді жүзеге асыратын байланыс түрі. Бұнда GSM, GPRS, ЕDGE, 3G қызметтері шоғырландырылған. Виедоқоңырау мен ұялы телевидение көру, жылдамдығы жоғары интернетті пайдалану қызметі енгізілген. GSMA-ның биылғы наурыз айында жүргізген сауалнамасының мәліметтері бойынша әлемдегі 26 байланыс операторы 2-3 жылда бұл қызметті енгізуді көздейді.