«Жедел деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 2011 жылғы қарашада 68,3 мың адам қабылданды, түрлі себептермен - 70,0 мың адам жұмыстан кетті. Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 79,5 пайызды, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты босатылғандар 2,7 пайызды, басқа себептер бойынша қысқарғандар 17,8 пайызды құрайды», - делінген баспасөз айғағында.
Бұл ретте агенттік мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылғы қараша айында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,2 пайызды, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,3 пайыз, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 1,9 пайызды құраған. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 97,6 пайызды құрады.