Агенттік мәліметіне қарағанда, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы қарашада өткен аймен салыстырғанда 8,6 пайызға төмендеген, ал 2012 жылғы қарашамен салыстырғанда 2,9 пайызға өсті.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда, оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 22,1 пайызды, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 16,8 пайызды, жемістер мен көкөністерді - 9,4 пайызды, нан және жарма өнімдерін - 7,9 пайызды, қант, шай және дәмдеуіштерді сатып алу 2,1 пайызды құрады.