«Экономикалық секторда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2016 жылғы қаңтар-қарашада 2015 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 100,5% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді», делінген хабарламада.
2016 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6599,1 млрд теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 4,7% артық.
2016 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 16 663,7 млрд теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 1,4% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,5%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,3% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 3,1%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 4,7% төмендеді.
2016 жылғы қаңтар-қарашада ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3410,8 млрд теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 4,5% артты.
2016 жылғы қаңтар-қазанда сыртқы сауда айналымы 49 274,4 млн долларды құрап, 2015 жылғы каңтар-қазанмен салыстырғанда 24,4% төмендеді, оның ішінде экспорт - 29 074,5 млн долларға (25,9% аз), импорт - 20 199,9 млн долларға азайды (22,2% аз).
2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 382 077 бірлікке жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,5% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар мекемелер саны 373 092. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 235 471 құрады, оның ішінде 226 946 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).
Әлеуметтік секторда 2016 жылғы қазанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 73 898 теңгені құрады, бұл 2015 жылғымен салыстырғанда 1,2% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 9,2% төмендеді.
2016 жылғы қарашада бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 142 088 теңгені құрады.
Қараша айында еліміздегі жұмыссыздар саны бағалау бойынша 444,9 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші (экономикалық белсенді халық) 5% болды.