Қараша айында коммуналдық қызметтер тарифі өзгермейді - М.Оспанов

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың қараша айында электр энергиясына, жылу және газбен жабдықтауға, су бұруға және ЖЖМ-ға бағалар өзгеріске ұшырамайды, деп хабарлады primeminister.kz ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспановтың сөзіне сілтеме жасап.

«Қараша айында Қазақстан бойынша электр энергиясына, жылумен қамтамасыз етуге, газбен жабдықтауға, су бұруға, сондай-ақ ЖЖМ-ға тарифтердің артуы болмайды», - деді М. Оспанов.