яғни 4,1 пайызға төмендеді (жыл басынан бастап - 21,0 пайыз өсті). Бұл туралы бүгін Ұлттық банктен өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҰБ төрағасы Григорий Марченко айтты.
Г. Марченконың айтуынша, қарашада банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарының төмендеуі орын алған, сондай-ақ Ұлттық қордың активтерін толықтыру жөніндегі операциялар жүргізілген. Нәтижесінде, таза валюта қорлары (ЕАВ) 2010 жылғы қарашада 4,9 пайызға төмендеп, алтындағы активтер 2,9 пайызға өскен.
Қараша айында тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (30,2 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда 0,6 пайызға төмендеп 58,0 млрд. АҚШ долларын құраған (жыл басынан бері - 22,3 пайыз өсті).