Ал өткен 2011 жылдың қараша айымен салыстырғанда 9,7%-ға ұлғайды. Қазіргі кезде ол 19 170 теңгені құрайды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Статистика департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
Ең төменгі күнкөріс деңгейіне ет пен балықты (24,5%), сүт өнімдерін, майы аз өнімдер мен жұмыртқаны (15,6%), жеміс пен көкөністі (10,4%), нан өнімдері мен жарма өнімдерін (7,6%), қант, шай мен дәмдеуіштерді (1,9%) сатып алуға шығындар енгізілген, - делінген таратылған хабарламада.