Қарашада елімізде жұмыссыздық деңгейі 6,5 пайызды құрады

АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2009 жылдың қараша айында елімізде жұмыссыздық деңгейі 6,5 пайызды құрады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «2009 жылғы қарашада жұмыссыздар саны бағалау бойынша 548,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 6,5 пайызы», делінген ҚР Статистика агенттігінің таратқан хабарламасында.

 Агенттіктің мәліметінше, 2009 жылғы қазанның соңына  85,5 мың адам жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген. Бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халық санының 1 пайызы. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық тұрғыдан белсенді халық санының 0,6 пайызын құрап отыр.