Қарашада елімізге Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл қарашада елімізге Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келеді. Бұл туралы елімізге ресми сапармен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездескен ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Осы ретте, үстіміздегі жылдың 3 қарашасына жоспарланған Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық 10-шы саммитіне Президент Режеп Тайип Ердоғанның сапарын ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізуге күш жұмылдыруға уағдаластық. Бұл – серіктестігімізді стратегиялық рухта дамытудың тағы бір жолы», - деп мәлім етті Мұрат Нұртілеу.
Еске салайық, Түркі мемлекеттерінің 10-шы мерейтойлық саммиті Түркістан қаласында өтеді.
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.