Синоптиктердің болжамына сәйкес, айлық орташа ауа температурасы -1,3 пен -4,6 градус аралығында болады. Бұл климаттық нормадан шамамен 2 градусқа жоғары.
Қараша айының басында күн жылынады. Күндіз ауа температурасы 7… 12 градусқа дейін көтерілсе, облыстың оңтүстігінде 15 градусқа жетуі мүмкін. Алайда артынша күн күрт суытады. Түнде ауа температурасы -8…-13 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде -18 градус аяз болады. Күндіз -2…-7 градус шамасында сақталады. Бірінші онкүндіктің соңына қарай күн қайта жылып, ауа температурасы 5 градусқа дейін көтеріледі.
Айдың ортасында да ауа райы құбылмалы болады. Түнде -8…-13 градус, кей жерлерде -18 градус аяз күтіледі. Күндіз ауа температурасы -2…-7 градус аралығында болады. Кейін күндіз 5 градусқа дейін жылынғанымен, екінші онкүндіктің соңына қарай қайтадан аздап аяз түседі.
Қараша айының соңында қысқа мерзімді жылынудан кейін күн қайта суытады. Түнде ауа температурасы -10…-15 градусқа дейін төмендеп, облыстың солтүстігінде -18 градус аяз болуы мүмкін. Күндіз -3…-8 градус аяз күтіледі.
Айдың басында жаңбыр мен жаңбыр аралас қар жаууы ықтимал. Кейін қар жауып, жер бетінде бұрқасын мен боран болуы мүмкін. Сонымен қатар тұман түсіп, көктайғақ қалыптасуы ықтимал.
Ай бойы желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Жауын-шашын мөлшері облыстың солтүстігінде климаттық нормадан көп, ал оңтүстігінде қалыпты деңгейде болады деп болжанып отыр.