деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің таратқан ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылғы қарашада оның алдыңғы аймен салыстырғанда бағалар кен өндіру өнеркәсібінде - 9, өңдеу өнеркәсібінде - 2,6, электр энергиясын, газ және суды өндіру мен таратуда - 1,3 пайызға жоғарылаған.
Өткен айда бағаның өсімі мұнайға - 11,6, бензинге - 9,6, табиғи газға - 3,5, газ конденсатына - 2,4, электр энергиясына - 1,6 және жылу энергиясына - 1,3 пайызға тіркелді, ал дизель отыны - 2,2 және көмір - 1,9 пайызға арзан болды.
Бағалар сондай-ақ, қорғасынға - 10,7, ферроқорытпаларға - 9, мырышқа -7,8, қымбат металдарға -2,8, өңделмеген алюминийге - 2,4 және мысқа - 1,5 пайызға жоғарылады.
Азық-түлік өнімдер нарығында қант - 4,3, маргарин - 2,8, сүт өнімдері - 2,5, шай - 1,9 және балық - 0,8 пайызға қымбаттаса, керісінше, жармалар - 18,8, бидай және қара бидай ұны - 7,2, нан - 1,6 және макарон өнімдері - 1,5 пайызға арзандады.