Синоптиктердің болжамынша, биыл қараша әдеттегіден тыс жылы болып, қыс кештеу басталады.
Әуелі батыс, одан кейін Қазақстанның басқа өңірлеріне оңтүстік және атлантикалық циклон ықпал етеді. Нәтижесінде ауа райы бұлтты әрі жауын-шашынды, ал температура бір-біріне ұқсас, бірақ жылы болады. Ал оңтүстік өңірлерде жауын-шашын аз түседі және ауа температурасы күндіз 17-22 градусқа дейін жылиды - делінген хабарламада.