«Біздің нұсқада әлем чемпионы болу үшін кезең-кезеңмен іріктеуден өтуі керек, яғни Еуразия чемпионы белдігін, одан кейін әлем чемпионын жеңіп алу шарт. 25 қарашада Қанат Досмағамбетов әлем чемпионы титулын екінші рет қорғайды»,- деді Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Панкратион» күресінен Азия федерациясының президенті Эрик Асенов.
Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар биыл Еуразия чемпионының екі белдігі сарапқа салынады. Әзірге, бұл жарыс қай салмақ дәрежесінде өтетіндігі белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы 6 мамырда елорда циркінде «ASSENOV FIGHT» нұсқасы бойынша қазіргі заманғы панкратионнан турнир өткен болатын. Бұл халықаралық деңгейдегі 116-шы турнир болған еді және 62,5 салмақ дәрежесінде әлем чемпионы титулын қорғаудың бірінші сайысы. Жарыс «ASSENOV FIGHT» нұсқасы бойынша қазіргі заманғы панкратионнан Азия лигасы ережесі бойынша өтті. Турнирде қазақстандық Қанат Досмағамбетов жеңді.