Қарашада Ұлттық банктің алтын-валюта резервінде қандай өзгерістер болды

Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Қараша айының қорытындысы бойынша АВР көлемі 34,1 млрд долларға жетті. Бұл туралы Ұлттық банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform. 

«Қараша айының қорытындысы бойынша, алдын ала мәліметтерге сәйкес, АВР көлемі 34,1 млрд долларды құрап, бір айда 131 млн долларға ұлғайды», – деді Әлия Молдабекова.

«Алтын» бағасын белгілеудегі өсім оң көрсеткішке ие болды. Яғни қараша айында алтын бағасы бір унция үшін 1998 доллардан 2038 долларға дейін өсті.

«Бұл ретте бағалы металл бағасының өсуі әлемдегі геосаяси жағдайдың күрт нашарлауына, атап айтқанда, Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты болды», – деді ол.