деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, қараша айында жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа құны -137,19 мың теңгені құрады. Жыл басынан бері республикамызда тұрғын үйдің бағасы 7 пайызға төмендеген. Ал, екінші нарықтағы тұрғын үйлердің бағасы өзгермеген және бір шаршы метрі 100,78 мың теңге шамасында. Тұрғын үйді жалдап тұру құны да тұрақты, бір шаршы метрі 812 теңге күйінде қалып отыр.