Агенттік басшысының айтуынша, қараша айында елімізде су, электр энергиясы, жылумен және газбен қамту тарифтері мен жанар-жағармай бағасы өспейді. «Ал қазан айында жанармай бағасының қымбаттауына негізінен нарықтағы тапшылық әсер етті. Атап айтқанда, қазан айында АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин тапшылығы сезілді. Себебі, біз оның 40 пайызын Ресейден импорттап отырмыз. Қазіргі уақытта бізде Мұнай және газ министрлігінің еліміздегі зауыттар тұтынушыларымыздың барлық сұранысын өтейтіндігі туралы хаты бар. Сондықтан да өткен айда тапшылықтың алдын алу үшін, Ресейден жанармайдың дұрыс тасымалын қамтамасыз ету үшін біз өткен айда бензинге бағаны 115 теңгеге көтердік», - деді Мұрат Оспанов.
Еске салсақ, өткен айда еліміздегі АИ-92, АИ-93 маркалы бензин 5 теңгеге қымбаттаған болатын.