Қарашада жастар шығармашылығының дәстүрлі «Шабыт» халықаралық фестивалі өтеді

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат  - 3-8 қараша күндері елордада Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жастар шығармашылығының «Шабыт» XV халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлады «Бәйтерек» халықаралық баспасөз орталығынан.

Байқау 7 аталым бойынша өтеді. Сонымен қатар фестиваль аясында «Журналистика» аталымының үздік тілшілері марапатталатын болады. Аталым еліміздің үздік шығармашыл жастарын Қазақстан астанасына назар аударту мақсатында журналистік жұмыстар арасында өткізілетін болады.  Бұл шара шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарының Астананың әлеуметтік-экономикалық өмірін жазып, көрсетуге, оның оң имиджін қалыпастыруға жол ашады.

Фестивальге қатысуға арналған өтінімдер ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін қабылданады.