Қарашада жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,5 пайызын құрады

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Республика экономикасында 2013 жылғы қарашада, бағалау бойынша 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 117,1 мың адамға немесе 1,4%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 6,0 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 69,5%) құрады.

«2013 жылғы қарашада жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 468,1 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2013 жылғы қазан айының соңына 44,2 мың адам («Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,5%-ын құрады (2012 жылғы қарашада - 0,5%)», - делінген ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде.

2013 жылғы қарашада бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,5 пайызын құрады.