Синоптиктердің болжамынша, Атлант мұхитының циклоны әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, тұман, көктайғақ және төменгі бұрқасынмен бірге желдің күшеюі болжанады. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ауа температурасының негізгі фоны күндіз батыс өңірлерде 5… 15°С, солтүстік-батыста 0… 10°С, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда -3… 2°С, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста 5… 15°С шамасында болады.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты, Астанадағы көлік кептелісі 10 балға жетті.