Қарашаның 16-сы мен желтоқсанның 6-сы аралығында ОСК-ға сайлау процесіне байланысты азаматтардан 24 шағым мен өтініш келіп түсті

None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қарашаның 16-сы мен желтоқсанның 6-сы аралығында Орталық сайлау комиссиясына сайлау процесіне байланысты азаматтардан 24 шағым мен өтініш келіп түсті»,

деді бүгін Орталық сайлау комссиясының кезекті отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Ол келтірген деректерге қарағанда, өтініштердің 18-і сайлау заңнамаларын түсіндірумен байланысты. Ал қалған 6 өтініш сайлау комиссиялары мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне қатысты болып отыр.

«Осы уақытта сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктіліктерін жетілдірумен қатар еліміздің аймақтарында сайлаушылардың дауыстарын реттеу жұмыстары да жүріп жатыр. Сайлау заңнамаларына сәйкес, сайлаушылардың тізімдеріне жергілікті атқарушы органдар жауап береді. Жергілікті атқарушы органдар толықтай тексеріліп, реттелген сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссияларына 25-ші желтоқсаннан қалдырмай берулері керек.

Ал 30 желтоқсаннан бастап, азаматтарға сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімімен танысуға мүмкіндік жасалады»,-деді ОСК төрағасы.