Қарашаның 7-сінде Мәскеуді үш мың милиционер күзетеді

АСТАНА. Қарашаның 7-сі. ҚазАқпарат - Қарашаның 7-сіндегі салтанат кезінде Мәскеудің орталығындағы тәртіпті үш мың милиционер мен ІІМ ішкі әскерлерінің жауынгерлері күзететін болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Интерфакс» сайтына сілтеме жасап.

Мерекедегі тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шұғыл штабты Мәскеу қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары милиция генерал-майоры Вячеслав Козлов басқарады. Оның басшылығымен 1100 милиционер, жол сақшысының 500 инспекторы және 1500 ішкі әскерлер жауынгерлері жұмыс істейді. Таңғы сағат 7:00-ден 12:00-ге дейін көлік қозғалысына шектеу қойылады.