Басқару есептеулерінің мәліметтеріне сай, ай соңында Банк 21 млрд теңге көлемінде табысқа ие болады деп болжануда.
Ағымдағы өтімділік қоры Цеснабанкке барлық міндеттемелерін жайлы атқаруға мүмкіндік береді. IV тоқсанның басынан бері бизнестің барлық бағыттары бойынша ақшалай қаражаттың қозғалысы динамикасында оң өзгерістер байқалуда. Қарашаның ортасынан бастап кірістер шығындардан басым болып отыр.
Бөлшек сауда бизнесінің жаппай сегментінде және ШОБ секторында іскерлік белсенділіктің толықтай қалыпқа келтірілуі, депозиттердің қайта оралуы және ұлғаюы, сондай-ақ ШОБ айналымдарының өсуі байқалды. ШОБ несиелендіру көлемі қыркүйекке дейін болған деңгейге шықты.
Цеснабанк қысқамерзімді және ұзақмерзімді қорландыруға ие. Қарашада банк белсенді түрде өзінің ұзақмерзімді облигацияларын жергілікті нарыққа орналастыруға кірісті. Қазіргі таңда 70 млрд теңгеден астам сомаға облигациялар орналастырылған.
Банк экономиканың нақты секторын қолдайтын мемлекеттік бағдарламаларға қатысады, оның ішінде 600 млрд теңгеге дейін соманың ұзақмерзімді теңгелік өтімділігін қамтамасыз ету бойынша Бағдарламаға қатысуды көздеп отыр. Клиенттердің қажеттіліктерін ескере келе, аталмыш Бағдарлама шеңберінде Цеснабанк 70 млрд теңгеге дейін сомаға өтінім жасауда. Сондай-ақ банк клиенттерінің бизнес-жоспарларын қаржыландыру үшін қазақстандық және халықаралық даму институттарымен серіктестік орнатқан.
26 қарашада Банк "Проблемалық несиелер қоры" АҚ-на 450 млрд теңгеге агронесие портфельдерін сату бойынша жасалған келісімдер аясында барлық міндеттерін орындағанын жеткізген. Дәлірек тоқталар болсақ, ПНҚ активтерін берумен байланысты кепілдерді қайта тіркеу аяқталды. Жақын уақытта аталмыш келісім шеңберіндегі соңғы транштың аударылымы келіп түседі деп күтілуде. ПНҚ-нан алынған қаражатты біз клиенттеріміздің бизнесін қаржыландыруға бағыттаймыз, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінен алған қарызды мерзімінен бұрын өтеп тастауға жұмсаймыз.
Банк өзінің өнім желісін кеңейтуді жалғастыруда. Мысалы, депозиттер тізімі 13,5% максималды тиімді мөлшерлемесі бар «Цесна Максимум» жаңа жинақтау салымымен толықты.Сондай-ақ «7-20-25» мемлекеттік ипотекалық бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асырып жатыр. «Баспана хит» мемлекеттік ипотекалық бағдарламасы шеңберіндегі алғашқы несиелер Цеснабанкпен берілді. Сондай-ақ «Орда» өнімін жүзеге асырудағы Қазақстан ипотекалық компаниясының бірінші серіктес банкі атанды.
Қарашада жеке тұлғаларға арналған Цеснабанктің мобильдік қосымшасы іске қосылды. Клиенттер шеңбері мен қосымшаның атқарымдары кеңейтіліп, толықтырылатын болады.
Цеснабанк өзінің өңірлік желісін дамытуын жалғастырып, оның тиімділігін арттыруда. 2018 жылдың 29 қазанында Түркістан облысында Банктің жаңа, жиырма екінші филиалы ашылды.
Осылайша, Цеснабанк сенімді түрде өзінің нарықтық позициясын ұстанып, өз клиенттері үшін қазіргі заманғы банк өнімдері мен қызметтерін ұсынып отыр.