2018 жылы қоғамдық көліктер көрсететін қызметтердің сапасын жоғарылату мақсатында көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 55 жабық типті павильондарды (жылы аялдаманы) орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«55 павильонның барлығы орнатылды. Олардың 22-сі пайдалануға берілді. Пайдалануға берілген павильондар кондиционер жүйесімен, жылытқышпен, Wi-Fi желісімен, бейне-бақылау жүйесімен жабдықталған. 33 аялдама павильоны бойынша іске қосу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Басқармада атап өткендей, күніне Астанада 5-7 жабық типті павильон пайдалануға беріледі. Жоспар бойынша жылы аялдамаларды орнату жұмыстары 25 қарашаға дейін аяқталмақ.