Қарашығанақ кенішінде су бөшкесінің жарылуы салдарынан жұмысшы қаза тапты

АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат - Қазақстанның батысындағы Қарашығанақ кенішінде өндірістік оқиға орын алды - су бөшкесінің жарылуы салдарынан «Флагман» мекемесінің операторы қаза болды,

деп хабарлады  жексенбі күні   Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жарылыс   сенбі, желтоқсанның 19-ы күні     сағат  19.20-да гидрологиялық  тест  жүргізу кезінде     орын  алды.    Оқиға салдарынан  жарақат  алған 27 жастағы азамат қайтыс  болды.