ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, оқуларға басқарушы органдар, апатты-құтқару қызметтері (АҚҚ) мен Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. компаниясының құрылымдары қатысады.
Оны өткізуге Батыс Қазақстан облысы бойынша «Өрт сөндіруші» АҚ филиалының төрт өрт сөндіру бөлімшесінің арнайы техникасы мен жеке құрамы тартылады.
Оқулар үш кезеңмен өтеді: оның біріншісінде - АҚҚ мен құрылымдар, өндірістік нысанның химиялық зертхана ғимаратында шыққан отты сөндіруі және апатты-құтқару жұмыстарын жүргізуі тиіс.
Екінші кезеңде - АҚҚ мен құрылымдар, №9-шы ұңғымадан шыққан мұнай бұрқағын тоқтату барысында технологиялық құрылғыларды суытуы, жеке құрамдағы және төтенше жағдайды жоюмен айналысып жатқан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.
Ал үшінші кезеңде АҚҚ мен құрылымдар, кеніштің өндіріс нысанынан шыққан тілсіз жауды ауыздықтап, автотранспорттың көмегімен ғимараттарда апатты-құтқару жұмыстарын жүргізеді.