Өйткені, оған байланысты прокуратура тарапынан тексеру жүргізілген жоқ», деді бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков. Бұл туралы ол журналистермен болған брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, аталмыш компанияда тексеру жұмыстары еңбек және көші-қон заңдарына байланысты жүргізіліп жатыр. «Онда қаржы немесе өзге де мәселелерге байланысты басқа құрылымдардың тексеру жүргізуі мүмкін. Ал прокуратура жүргізіп отырған тексерулер көші-қон мен еңбек заңдылықтарының сақталуына ғана қатысты», деді Н.Сүйіндіков.