«Үкімет Қарашығанақ жобасына кіру келіссөздерін қашан аяқтайды?» деп қойылған сауалға Үкімет басшысы: «Қарашығанақ бойынша Үкімет Мұнай және газ министрлігі арқылы келіссөздер жүргізуде. Нәтижелерге қол жеткізілгеннен кейін осы мәселе бойынша ақпарат таратылады», - деді К.Мәсімов.
Сонымен қатар, Премьер-Министр мұнай өнімдеріне экспорттық кедендік баж салығы бойынша шешім қабылданып, тиісті қаулыға қол қойылғанын айта келе: «Экспорттық баж салығы көлемінің өсі немесе төмендеуі энергиялық ресурстардың құнына байланысты. Егер оның бағасы көтерілсе, баж салығы да жоғарылайды», - деп атап өтті Премьер-Министр.