Қарашығанақта мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі қысқарды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарашығанақта мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі қысқарды. Бұл туралы Энергетика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылғы 11-15 қыркүйек аралығында Қарашығанақ кен орнында №3 газды кешенді дайындау қондырғысы жоспарлы-ескерту жұмыстарына байланысты толықтай тоқтатылды. №3 газды кешенді дайындау қондырғысын толықтай тоқтату Орынбор газ өңдеу зауыты 3-кезеңінің жөндеуге тоқтатылуымен және газды мүлдем қабылдамауымен қиындастырылды. 11 қыркүйекте мұнай өндіру 3,3 мың тоннаны құрады. 10 қыркүйекпен салыстырғанда 27 мың тоннаға кеміді», - деп атап өтті Энергетика министрлігінен.