«Қарасора»: 6 тоннаға жуық түрлі есірткі заңсыз айналымнан шығарылды
«Жыл сайын маусым айынан қазанға дейін, жабайы қарасораның өсуі мен пісуі кезеңінде «Қарасора» жедел-профилактикалық шарасы өткізіледі. Өткен айда полицейлер 315 қылмысты анықтады, оның ішінде 121 өткізу фактісі, есірткіні заңсыз сақтаудың 49 фактісі, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 114 фактісі бар», - деді С. Сұлтанов апталық брифингте.
Атап айтқанда, заңсыз айналымнан 6 тоннаға жуық түрлі есірткі, оның ішінде 900 келі марихуана, 63 келі гашиш, 12 келі синтетика және 700 грамнан астам героин тәркіленді. Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында қарасораның 12 плантациясы жойылды.
«Құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру бойынша 114 қылмыстық іс, аса ірі мөлшерде есірткі өткізу бойынша 64 қылмыстық іс қозғалды, 154 күдікті ұсталды», - деді Серік Сұлтанов.