— Ағымдағы жылдың 19 тамызындағы жағдай бойынша «Қаратау» ААҚ бұрынғы қызметкерлерінің көпшілігі республикалық бюджеттен төлемдер алды. «Қаратау» ААҚ-ның бұрынғы қызметкерлері сот шешімдері бойынша төленетін төлемдерді алу үшін растайтын құжаттарды тапсырып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиісті өтініш беруі қажет, — делінген хабарламада.
14:54, 19 Тамыз 2025
«Қаратау» ААҚ-ның бұрынғы қызметкерлеріне өтемақы төленетін болды
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен, сондай-ақ сот органдарының шешiмдерi негiзiнде «Қаратау» ААҚ бұрынғы қызметкерлерiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу үшiн республикалық бюджет қаражаты есебiнен тиiстi төлемдердi жүзеге асырады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.