«Қаратау» ЖШС ОҚО Созақ ауданының тұрғындарына материалдық көмек көрсетті
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Владимир Школьниктің арнайы тапсырмасына сәйкес, еліміздің басты мемлекеттік мерекесіне орай, уран өндіруші аймақтың 173 тұрғыны, оның ішінде ардагерлер, көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар мен мүгедектерге материалдық көмек көрсетілді.
Тұрғындарға атаулы көмек көрсетумен қатар, кәсіпорын, Қазақстан тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңында Созақ ауданының мектебін компьютер мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 1 млн. теңге көлемінде қаражат бөлді.
«Қаратау» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысында 6 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, жоғары экономикалық көрсеткіштер арқасында кәсіпорын аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға елеулі үлесін қосты.
2011 жылы Бақырлы ауылынан «Буденовское-2» кенішіне дейінгі және Созақ ауданындағы Ақсүмбе ауылындағы көлік жолы асфальтбетонды төсемемен жабылып, күрделі жөндеуден өткізілді. Бұл шалғай ауылдарды байланыстыратын жалғыз жол.
Ағымдағы жылы «Буденовское-2» кенішінде спорттық кешен салынды.
«Қаратау» ЖШС Созақ ауданындағы Таукент кентіне жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» әлеуметтік компаниясымен жасалған шартқа сәйкес кәсіпорын жыл сайын бөліп отыратын қаржы мәдени-спорттық кешенді қаржыландыру және дамыту, елді мекенді абаттандыру, мектепке дейінгі балалар мекемелері мен мектептің қажеті, стационарлық дәрігерлік қызмет көрсету үшін жұмсалады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі арасындағы қол қойылған Ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде Таукент тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Қаратау» ЖШС 2011 жылы 200 млн теңге мөлшерінде қаржы бөлді.
Алдағы жылдан бастап кәсіпорын Созақ ауданындағы бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қатысқалы отыр. Атап айтқанда, «Қарақұр» ауылдық округіне қарасты Шаға аулына ауыз су құбырын тарту, «Қаратау» ауылдық округындағы Сары Жас аулында фельдшерлік-дәрігерлік пункт салу жоспарланған.
Сондай-ақ, Бақырлы елді мекенінде орналасқан ауылдық мектепке «Газель» автокөлігін алып беру де қарастырылып отыр.
«Қаратау» ЖШС әлеуметтік бағыты айқын компания ретінде алдағы уақытта да Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасын өркендетуге қомақты үлес қосып қана қоймай, өңір тұрғындарының жылдар бойы қордаланып қалған әлеуметтік проблемаларын шешуге атсалыса бермек.