Қаратауда жұмбақ жағдайда жоғалған 2 жасар бүлдіршін мешіттен табылды
Бүгін Қаратау қаласының полициясына 2 жасар баланың жоғалып кеткені туралы хабар түсті.
Баланың анасы оны әжесімен бірге қалдырып, дүкенге кеткен, ал қайтып оралғанда оны үйінен таппай қалған.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 125-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен (адам ұрлау) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жамбыл облысы полиция департаментінің басшылығы баланы табу үшін шұғыл Қаратауға барды.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде бала мешіттен табылып, Талас ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.
Денесінде ешқандай жарақат немесе суық тию белгілері жоқ.
Кейін анықталғандай, үйде анасы жоқ кезде әжесінің таныстары пәтерге келіп, алкоголь ішкен.
Баланың қатты жылаған даусына шыдай алмаған қонақтардың бірі мас күйінде оны көрпеге орап, жақын маңдағы мешітке апарған.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.