Каратэ бойынша АҚШ-тағы жарыстан 14 жүлде алған қазақ балалары марапатталды (ФОТО)

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт істері комитеті АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында каратэ бойынша қатарынан 3 халықаралық турнирге қатысып, 14 медаль иеленген қазақстандық балаларды құттықтады.

Үш халықаралық жарыс, «Junior Chempionship», «USA Open 2016» және «Ozawa Cup 2016» турнирлеріне қатысқан Қазақстанның жас каратэшілері 3 алтын, 6 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.

«Балалар болса да, біздің еліміздің Туын көтеріп, шет елде Қазақстанды танытып жатыр. Міне, болашақ Олимпиада чемпиондары - осы балалар»,-деді спортшыларды құттықтаған Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов.

Сонымен, жеңімпаздарды атар болса, «Junior Chempionship 2016» турнирінде 10-11 жас аралығында жеке кумите бойынша Кан Данил 1-орын, осы жас ерекшелігі бойынша Әлкей Ахметжанов 2-орын, Әлішер Қабдуллаев 2-орын, Сержан Жаңбыршин 3-орын иеленген. 

«USA Open 2016» турниры бойынша Қуаныш Қайсар, Сержан Жаңбыршин, Кан Данил командалық есепте 2-орын, Әлкей Ахметжанов 3-орын, Кан Данио 3-орын иеленді. Ал, «Ozawa Cup 2016» жарысында Қайсар Қуаныш 3-орын, Сержан Жаңбыршн 1-ші орын, Әлкей Ахметжанов 1-ші орын, Кан Данил 3-орын иеленді.