Каратеден Азия чемпионаты: Қазақстан командасы үш медаль жеңіп алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Каратеден Қазақстан командасы Азия чемпионатынан үш медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

55 келіде сынға түскенАндрей Ақтауов барлық қарсыласынан басым түсіп, Азия чемпионы атанды. Турнирбарысында Ақтауов Камбоджа, Иран, Малайзия және Сауд Арабиясы спортшыларын жеңген. 67 келіде ел намысын қорғаған Дидар Әмірәлі финалда жапониялық ХиротоШинохараға есе жіберіп, құрлық додасының күмісіне қол жеткізді. Дидар Бахрейн,Сауд Арабиясы, Тайланд және Иордания каратешілерін жарыс жолынан шығарғанболатын. 68 келіден жоғары салмақта сынға түскен Софья Берульцева ақтықсында ирандық қарсыласына жол беріп, күміс медальді қанағат тұтты. Ол шешушікездесуде 2:4 есебімен Хамеди Абасалиден ұтылды.

«Биылғы Азия чемпионатыныңнәтижесі былтырғымен салыстырғанда жақсырақ. Өйткені,бұл лицензиялық біріншілік. Жарыс нәтижесі олимпиадалық рейтинг түзілгендеесепке алынады. Әрине, Дархан Асаділовтің жүлдесіз қалғаны өкінішті. Бірақ олрейтингтегі бірінші орнын сақтап қалады», - дейді бас бапкер Жасталап Санауов.

Соңғы жаңалықтар