Каратэден ел чемпионатында БҚО құрамасы үздік атанды

Орал қаласында WKF каратэден есесектер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, еліміздің барлық өңірінен келген татами шеберлері ката және кумите бағдарламасында жыл үздіктерін анықтады.

Бұл қатарда жуырда Алматыда өткен Азия чемпионатында бақ сынаған ұлттық құрама өкілдері де бар.

Чемпионат қорытындысында мына спортшылар жүлдегер атанды.

Ерлер:

-55 кг:
1. Ернұр Ерғалиев
2. Амангелдиев
3. Елнұр Төребек
3. Константин Ню.

-60 кг:
1. Дархан Теміралиев
2. Нұрбек Кенжебай
3. Низам Халматов
3. Айбек Шарап.

-67 кг:
1. Еркінбек Байтуреев
2. Олжас Алтынбек
3. Ерсұлтан Тәңірберген
3. Асқар Сапарғалиев

-75 кг:
1. Әбілмансұр Батырғали
2. Дамир Нұрберген
3. Айдос Мұхат
3. Ердос Уәлиханов

-84 кг:
1. Никита Тарнакин
2. Диас Ұлбек
3. Ғалым Асылхан
3. Батырхан Қошанов

84 кг:
1. Абылай Төлтай
2. Диас Анарбеков
3. Нұрнияз Елдашов
3. Санжар Тахтаев

Әйелдер:

-50 кг:
1. Айгерім Тұрсынбекова
2. Ақниет Шеризат
3. Меруерт Әбен
3. Малика Әбжанова

-55 кг:
1. Гүлмира Үсенова
2. Белла Самашева
3. Әсемгүл Ердәулет
3. Айша Мұхамеджан

-61 кг:
1. Әсел Қанай
2. Айжан Бакирова
3. Дайяна Даренская
3. Николь Ценгель

-68 кг:
1. Венера Жақсыбаева
2. Лаура Әліқұл
3. Маржан Әшім
3. Ғазиза Ержанқызы

68 кг:
1. Ұлмекен Жалғас
2. Милана Власенко
3. Фатима Ерматова
3. Дилара Бақыткерей.

Каратэден БҚО құрамасының аға жаттықтырушысы Ринат Мерғалиевтің айтуынша, Батыс Қазақстан облысының каратэшілері тұңғыш рет ересектер арасындағы ел чемпионатында командалық есепте топ жарды.

БҚО құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 6 қоламен үздік шықса, Түркістан облысы (4 алтын, 1 күміс, 5 қола) екінші, жамбылдықтар (3 алтын, 4 күміс, 6 қола) үшінші орынға ие болды.