Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Дидар Әмірәлі қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық каратэші 67 келіге дейінгі салмақта қола медальді жеңіп алды.
Дидар жартылай финалда екі мәрте әлем және Азия чемпионы, ирандық Амир Мехдизадені 7:2 есебімен жеңіп кетті.
Осылайша, бүгін татамиге шыққан үш қазақстандық каратэші де жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын каратэші Данияр Юлдашевтің Азия ойындарының алтыны үшін таласатынын жазған едік.
Сондай-ақ олимпиада жүлдегері Софья Берульцева Азия ойындарының финалына шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).