Каратэден Лаура Әліқұл (68 келі) Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Лаура жартылай финалда индонезиялық Сейко Джорджия Зефаньяны 5:1 есебімен жеңіп кетті.
Қарсыласы 2 дүркін Азия чемпионы атанған тәжірибелі спортшы болатын.
Лаура жартылай финалға дейін тағы бір 2 дүркін Азия чемпионы Хуонг Зи Динхты (Въетнам) 7:4 есебімен орта жолда қалдырды.
Енді ол финалда қытайлық Цяоцяо Лимен күш сынасады. Қытайлық спортшы бұған дейін Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері болған.
Еске салсақ, Азия ойындарында каратэші Нұрқанат Әжіқанов финалға шықты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.