АСТАНА. KAZINFORM – Кипр елінің Ларнака қаласында WKF каратэден Karate1 Series A халықаралық турнирі аяқталды.
ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлім еткендей, бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді.
Атап айтсақ, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта кумитеден сынға түскен Нұрбек қола медаль жеңіп алды. Бұл салмақта Түркия өкілі Мерт Халичи жеңімпаз атанса, күміс колумбиялық Фореро Хуан Давидке бұйырды. Тағы бір қоланы иорданиялық Омар Шакрах қанжығасына байлады.
Жарысқа жалпы 83 елден 1000 қатысушысы өзара мықтыны анықтады. Бұл додада ел намысын 15 спортшы қорғады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.